Халықаралық іс-тәжірибе оқу процесінің элементі ретінде - студенттердің университетте алған білімдерін бекіту және кеңейтуді білдіреді; өндіріс жағдайында мамандық бойынша жұмыстың қажетті тәжірибелік дағдыларын игеру және шет елдердің технологиясы мен еңбегінің озық әдістерін игеру мақсатында жүргізіледі. Халықаралық іс-тәжірибенің мақсаты кәсіби құзыреттілікті бекіту, кәсіби қызметтің тәжірибелік дағдыларын алу болып табылады. Халықаралық тәжірибенің негізгі міндеттері:
Халықаралық іс-тәжірибе бағдарламасы өз мамандығының білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттерге әлемді көруге, жаңа құзыреттер, дағдыларды игеруге, өздерін көрсетуге және болашақ мамандығы шеңберінде табысты мансаптың берік негіздерін қалауға мүмкіндік береді.
Студенттердің халықаралық іс-тәжірибесі, бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламалары аясында, академиялық күнтізбеге және іс-тәжірибе бағдарламасына сәйкес өтеді. Кафедралардың барлық іс-тәжірибе жетекшілері практиканттармен және жетекшілерімен үнемі байланыста болды.